Түркістан облысында 12 жастағы қыз өлі табылды

Oinet.kz 12-05-2023 544

Түркістан облысы Келес ауданында суға батып кеткен 12 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Оқиға Абай ауылында болған. Құтқарушылардың айтуынша, 8 мамыр түскі сағат бестер шамасында оқушы қыз "Ошақты" каналына құлап, өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға кезінде жасөспірімнің қасында болған құрбысы оның ойнап жүріп, абайсызда суға батып кеткенін айтқан. Қыз баланың мәйіті құлаған жерінен төмен қарай 5 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.

Келес аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің құтқарушылары да 4-сынып оқушысы "Ошақты" арнасының маңында жүріп, абайсызда суға түсіп кеткенін мәлімдеді.

Оны іздестіру мақсатында төтенше жағдайлар басқармасынан 2, 19 өрт сөндіру бөлімінен 4, полиция бөлімінен 8, жергілікті атқару органдардан 4 қызметкер және туыстардан 12 адам іздестіру жұмыстарына жұмылдырылды.

«Жедел жәрдемге 10 рет хабарластық»: Ақтауда болған оқыс жағдайдың мән-жайы
Павлодар облысында өртенген үйден 11 жастағы оқушы өлі табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу