Әрбір төртінші депутат намаз оқиды

Oinet.kz 30-03-2019 1232

Қырғызстанның Парламентінде иманды азаматтар көп екен.  Жоғарғы Кеңесте 100-ден астам депутат болса, соның 35-і, яғни  әрбір төртіншісі сәждеге жығылады. Кем дегенде 20-сы қажылық парыздарын өтеген. 

намаз.jpg

Мемлекет депутаттардың діни міндеттерін еш кедергісіз өтеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап қойған. Намазды олар Жоғарғы Кеңестің ғимаратынан шықпай-ақ оқи береді. Өйткені ғимараттың төменгі қабатында  намаз оқитын арнайы бөлме ашылған. Енді жуырда «Ақ үйдің» үшінші қабатынан тағы бір намаз оқитын бөлме ашылғалы отыр. Жалпы Қырғызстанның заңдары бойынша мемлекеттік мекемелерден діни бөлме ашуға болмайды. Бірақ  дінге келгенде талап-тәртіпке қарап жатқан ешкім болмай тұр.

«Бізде онсыз да төменгі қабатта бір намаз оқитын бөлме бар, үшінші қабаттан тағы біреуін ашудың не қажеттілігі бар?» деген депутаттардың сауалына Жоғарғы Кеңес әкімшілігі «енді төменгі қабатта әйел депутаттар, үшінші қабатта ер депутаттар намаз оқитын болады» деп жауап беріпті. Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, үшінші қабаттағы намаз оқитын бөлме конференц залға арналған екен. Жоспар күрт өзгерген. Жаңа намаз бөлмесінің құрылысын араб елдерінен келген бір бизнесмен қаржыландырып жатыр екен. Жалпы Қырғызстандағы мешіттердің де басым бөлігін араб елінен келген қайырымды азаматтар салып берген. 

Кейінгі кездері Қырғызстанның Парламенті дін мәселесіне көп көңіл бөлетін болған. Былтырдан бері депутаттар жұманы демалыс деп жариялау жөнінде бастама көтеріп жүр. 

Өмірдің өзі анекдот (әзіл-қалжыңдар)
Бірліктің ордасы саналатын Ордабасыда депутаттардың дауласып жатқаны өкінішті-ақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу