Елбасының «аты» өшті
17-02-2023
Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерде президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауының бағыттарын түсіндіру керек екенін айтты. Осы орайда елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевпен кездесті, деп хабарлайды Elbasy.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
"Ассамблея алдындағы міндеттер айқын. XXVII сессияда қабылданған шешімдер бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының басым бағыттары жарияланды. Енді өңірлік этномәдени бірлестіктерді тарта отырып, жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету және түсіндіру маңызды. Барлық облыстарда тиісті жұмысты жолға қою қажет", - деді Елбасы.
Және Нұрсұлтан Назарбаев ассамблеяның жұмысын халықаралық бағытта күшейтудің маңыздылығына назар аударды.
"Сіздің тапсырмаларыңызды орындау үшін Ассамблея жұмысын жандандыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Негізгі басымдықты өңірлерге бердік. Соңғы 2 айдың ішінде 2000-нан астам іс-шара өткізіліп, 4,5 милионнан астам адам қатысты", - деді Жансейіт Түймебаев.
Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы. 2019 жылдың сәуір айында ассамблеяның XXVII сессиясы өтті. Жиында Елбасы Ресей мен Украинаны бейбітшілікке шақырып, тіл саясаты мәселесін көтерген болатын.
2 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы жолдауын арнады. Ол қазақ тілінің рөлін арттырып, митингтерге рұқсат берілетінін атап өтті.