Қазақстанда -33° С аяз болады
19-21 қараша күндеріне арналған ауа райына синоптиктер болжам жасады, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.
«Карск теңізінің арктикалық ауа массаларында антициклон қалыптасып, оңтүстік-батыс бағытында жылжып, 21 қарашада Ресейдің Еуропалық территориясының орталығына дейін жетеді. Антициклонның шығыс перифериясы бойынша Қазақстанға Батыс Сібір арқылы арктикалық теңізден өте суық ауа массасы келіп, республиканың басым аймақтарында айтарлықтай күн суытады», - "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының 28…33° аязға дейін төмендеуі болжанады, сондай-ақ, кей жерлерде қар, бұрқасын, қатты екпінді жел тұрады. Сонымен қатар батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарының кей жерлерінде қар, көктайғақ, тұман түседі. Мұнда сондай-ақ, түнде минус 7…15°С-қа дейін, қиыр оңтүстікте минус 3…8°С-қа дейін суытады.