Қазақстанда күнкөріс деңгейі 12,4 пайызға өскен

Oinet.kz 07-11-2019 917

Картинки по запросу күнкөріс деңгейі өскен

Қазақстанда күнкөріс деңгейі бір жыл ішінде 12,4 пайызға өсіп, 39 500 теңге жетті, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, күнкөріс деңгейі ең жоғары өңір - Маңғыстау облысы (39 500 теңге), ал ең төмен - Павлодар облысы (28 300 теңге). 

image.png

«Биыл қазанда еліміздегі күнкөріс деңгейі орташа есеппен 32 200 теңге болды, бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 12, 4 пайызға артық. Сондай-ақ, күнкөріс деңгейі жоғары өңірлердің бестігіне Нұр-Сұлтан  (37 200 теңге) мен  Алматы (35 500 теңге), Алматы облысы (32 300 теңге) және Атырау облысы (32 300 теңге)кірді», - делінген сарапшылардың зерттеуінде.

Ал күнкөріс деңгейі төмен қалалардың қатарында Павлодар (28 300 теңге), Батыс Қазақстан облысы (28 900 теңге) және Қызылорда облысы (29 400 теңге) бар.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Шетел инвестицияларының ағыны 44,7 пайызға өсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу