Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын ЖОО-ның тізімі жарияланды

Oinet.kz 01-11-2019 1237

Картинки по запросу сыбайлас жемқорлық диплом

«Jas Otan» сыбайлас жемқорлық бойынша көзге түскен жоғары оқу орындарының рейтингін жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы болып, онда «Таза сессия» жалпыхалықтық акциясының аралық нәтижелері талқыланды. «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Дәулет Кәрібек акцияның қорытындылары туралы хабарлады.

«Jas Otan» белсенділері Қазақстанның барлық аймақтарындағы 15 мыңға жуық студент арасында анонимді сауалнама жүргізді. Студенттердің 12,8% жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық бар деп көрсеткен. Демек, сауалнамаға қатысқан әрбір 8 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлықтың бар екендігін растайды және әрбір 12 студенттің пара бергені айқындалды. 

Сондай-ақ, университеттерде емтихан тапсырып, диссертация қорғағаннан кейін дастарқан жаю және сыйлықтар беру т.б. «дәстүрге» айналған.

Сауалнама негізінде студенттер жемқорлық фактілері орын алады деп көрсеткен бес ЖОО рейтингі жасалды:

1. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;

2. Атырау мұнай газ университеті;

3. Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті;

4. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті; 

5. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті.

Қостанай облысының картасына өзгеріс енді
Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу