Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездеседі

Oinet.kz 01-11-2019 853

Похожее изображение

2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Премьер-министр сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

2019 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет Басшылары Кеңесінің отырысына қатысады.

Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің кездесуі өтеді.

ШЫҰ ҰБК отырысының күн тәртібінде — ШЫҰ мүше мемлекеттерінің сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы одан әрі өзара іс-қимылының перспективалары мен өзекті мәселелері. Қорытындысы бойынша сауда, ауыл шаруашылығы, экология, цифрландыру, транзит және көлік салаларында бірқатар құжаттарға қол қою жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын ЖОО-ның тізімі жарияланды
Тізгін және 100 күн
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу