Назарбаев өзін Жапонияның бұрынғы императоры Акихитомен салыстырды
"Хабар" телеарнасы "Банзай императорға немесе Елбасыны Жапонияда қалай қарсы алды" деп аталатын фильмнің көрсетілімін өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекеттің қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді.
"Мен, император Акихито сияқты, биылғы жылы өз өкілеттігімді тоқаттым. Менің Жапонияға сапарларым және Хенсей дәуіріндегі келіссөздер кезінде біз әрдайым бір-бірімізді түсінетінбіз.
Біз мәдениетімізді ілгерілету бойынша табысты саясат жүргізудеміз. 150 жылдан астам Қазақстан патшалық Ресейдің астында, кейін КСРО астында болды.
Бізге өз тарихымызды зерттеуге тыйым салынды. Ұлттың мәдени-тарихи кодына қайта орала отырып, мен рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған "Рухани жаңғыру" бағдарламасын бастадым", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.