Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда 400 сергек орнатылады

Oinet.kz 31-10-2019 952

Картинки по запросу сергек

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде жол – көлік оқиғалары мен жарақат алу фактілері азайған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мегаполисте жол-көлік оқиғаларын алдын-алу және азайту мақсатында «Жол қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Сондай-ақ, 108 бекет жұмыс істейді. Жыл соңына дейін 400 «Сергек» орнатылады. Осылайша, қаланың барлық қиылыстары бейнебақылау жүйелерімен жабдықталатын болады, бұл жазатайым оқиғалардың санын 30%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Қалада 1 800 жол қиылысы бар», - деп хабарлады полициядан. 

Қаланың қауіпті учаскелерінде жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында полиция көліктері мен жолдан өтіп бара жатқан балалардың макеті қойылған.

Түлектерге қосымша 3000 грант тағайындалды
Назарбаев өзін Жапонияның бұрынғы императоры Акихитомен салыстырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу