Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 2 есеге өсуі мүмкін

Oinet.kz 31-10-2019 1474

Картинки по запросу жалақы өседі

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кем дегенде нақты 2 есеге арттыруға мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Азаматтардың өмір сапасы мен кірісін арттырудың маңызды факторларының бірі жемқорлықтан азат кәсіби әрі тиімді мемлекеттік аппарат құру болып саналады. Дегенмен, мемлекеттік органдағы жұмыс өтілі 20 жылдан асатын, жалақы төлеудің жаңа жүйесіне өтпеген атқарушы лауазымындағы мемлекеттік қызметшінің қазіргі жалақысы елдегі орташа көрсеткіштен төмен. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын арттыру, кешенді превентивті жазалау шаралары бойынша ауқымды жұмыстарға қарамастан мемлекеттік қызметшілер жалақысының қазіргі деңгейі жемқорлыққа қарсы і-қимыл процесін айтарлықтай тежеп отыр», - деді агенттік басшысы Алик Шпекбаев. 

Агенттік төрағасы жалақыны арттыру бюджетке қосымша ауыртпалық түсірмеуі тиістігіне баса назар аударды. 

«Мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын кешенді оңтайландыру қажет. Ол үшін құқықтық негіз қалыптасқан. Бірінші басшылар мемлекеттік органның штаттық саны мен ұйымдық құрылымын дербес анықтай алады. Ал үнемделген қаражат жалақыны арттыру үшін олардың иелігінде қалады. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің жалақысын кем дегенде нақты 2 есеге арттыруға мүмкіндік бар», - деді ол.

Назарбаев өзін Жапонияның бұрынғы императоры Акихитомен салыстырды
Жеңіс Қасымбек: «Қарағандыда тұрғын үй бағасы елордамен бірдей»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу