Басқарма басшысы: «Бұл жәрдемақыны мүмкіндік емес, табыс көзіне айналдырып алған»

Oinet.kz 22-10-2019 1006

Картинки по запросу ақша

Адамдар атаулы әлеуметтік көмекті мүмкіндік емес, табыс көзіне айналдырып алған. Сондықтан да жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекке біршама өзгеріс енгізілмек. Бұл туралы Жамбыл облысының жергілікті әкімдіктің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы 1 қазанға дейін облыста атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріп, барлығы 45 544 отбасы, яғни 232 271 адам қайырылды. Оның ішінде 9 632 отбасына көмек тағайындаудан бас тарттық. Себебі, табыстары шекті деңгейден асып тұрса да, жалған мәлімет ұсынған. Жалпы 35 497 отбасыға, яғни 179 497 адамға 14,5 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленген.

«Атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта былтырдан бастап тағайындалған. Биыл 1 сәуірден бастап тағы да өзгерді. Негізгі мақсаты отбасын қиын жағдайдан шығару болатын. Бірақ кейбір азамат бұл жәрдемақыны мүмкіндік емес, табыс көзіне айналдырып алғанын жасырмаймыз. Сондықтан да жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекке біршама өзгеріс енгізілмек. Оның негізгісі – тағайындаудың тоқсан сайын жүргізілетіні. Бұл дегеніміз, әр тоқсан сайын отбасы өз табысын растап тұру қажет. Сонымен қатар, өтініш берген отбасы жалған ақпарат берген немесе көмекті заңсыз алған жағдайда 6 айға өтініш беру құқығынан айырылады. Ал отбасының еңбекке жарамды мүшелері белсенді шарадан бас тартса, оларға көмек көрсетуден толық бас тартылады. Тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрақты тіркеуде болмаған жағдайда, уақытша тіркеуде 6 айдан кем емес мерзімде болғанда ғана тағайындалады»,- дейді Тимуржан Нұрымбетов.

Облыста жәрдемақыны заңсыз алып келгендердің әрекеті әшкереленді

«Оған әртүрлі жайттар себеп болған. Кейбір отбасы білместіктен табыстары туралы толық ақпарат көрсетпеген. Ал кейбірі әдейі жасырған. Қазіргі кезде олардың алаяқтық әрекеттері әшкереленді. Бүгінгі таңда облыста 6 914 отбасына зерделеу жүргізілді. Нәтижесінде 933 отбасы бюджетке 133,5 млн теңге қайтаруы тиіс болса, 26,8 млн теңгені өз еркімен қайтарған»,- дейді басқарма басшысы.

Биыл ұлттық өнімде көлік секторының үлесі 8,3 пайызға жетеді
Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның императоры Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу