«Қайрат» клубына бөлінетін қаржы жайлы Алматы қаласының Спорт басқармасы түсініктеме берді

Oinet.kz 22-01-2026 40

Алматы қаласының Спорт басқармасы «Қайрат» футбол клубына бюджет қаражаты бөлінетіні жөніндегі ақпаратқа түсініктеме берді. Басқарма бюджет қаражаты тек балалар-жасөспірімдер футболын қолдауға бағытталғанын атап өтті.

image.png

«Қайрат» клубы әлеуетті қызмет көрсетушілердің бірі ретінде қарастырылуы мүмкін, себебі оның лицензияланған академиясы мен білікті жаттықтырушылар құрамы бар, сондай-ақ клубта футболмен айналысатын балалар саны көп. Алайда бұл автоматты түрде қаржыландыру алады дегенді білдірмейді. Түпкілікті шешім конкурс қорытындысы бойынша қабылданады, – деп хабарлады басқарма.

Сонымен қатар, қала бюджетінің қаражаты командалардың халықаралық чемпионаттарға қатысуына, кәсіби футболшылардың жалақысын төлеуге немесе клубтардың коммерциялық қызметіне арналмағаны ерекше аталды.

Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» клубына қала бюджетінен тікелей қаржы бөлінеді деген ақпарат тарап кеткен еді.

«Жәнібек таза спортшы»: Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады«Жәнібек таза спортшы»: Әлімханұлыны
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу