Кездейсоқ кездейсоқтық
1930 жылы Джозеф Фиглок есімді ер азамат көшеден өтіп бара жатқанында, ауладағы көпқабатты үйлердің бірінен үстіне кішкентай 1 жасқа жетер-жетпес бала үстінен топ ете қалады. Уақиға Дейтройт кішкентай қалашығында орын алады. Бір қызығы бала да, әлгі еркек те аман қалады. Кейіннен кішкентай баланың анасы жай терезені бекітуді ұмытып кеткенін айтады. Сол күні Джозеф қала ішінде керемет қаһарман атанған екен.
Әйтсе де қызықтың көкесі арада бір жыл өткеннен кейінгі әлгі бала 2 жасқа келгенде дәл сол терезеден дәл сол мистер Фиглоктың үстінен түседі. Екінші ретте де ешкім жапа шекпейді. Алайда қала іші дүр сілкініп, болған жайтқа таң қалысады. Адам сенгісіз жайт болса да, факттың аты факт.