Жастар неге жаргон сөздерге әуес, олардың мағыналары қандай?

Oinet.kz 19-08-2019 7927

Screenshot_5.jpg

 Жастардың трендті жаргондарына айналған сөздерінің мағынасына ашып көрейікші.

 «Ішшә нәйіс» - батыс облысына тән жаргон. Нәйіс түрік тілдінен аударғанда лас, салақ деген мағынада. Ал, халқымыз - баласы санасыз, сотқар болса: - Нәйіс бала, ата-анасының абыройын төкті,- деп сипайттайтын болған. Демек, нәйіс сөзі - өкпе-ренішті, үмітсіздікті білдіреді.  

 «Шайдым»(шаймаш, шәйіпсің) - шектен тыс шықты дегенді білдіреді. 

 «Қудыртамыз» - әзілдің түбін түсіреміз, әзілің жарасса атаңмен ойна деген сынды тіркестерді айтады. 

 «Дым қызық» - не құрғақ деп айтуға, не су деп айтуға келмейтіндей болып, белгілі бір заттың болар болмас қана сулану дәрежесіне түсудің атауы «дым» (дымқыл) сөзінен пайда болған. Ал, қазіргі таңдағы «дым» сөзі «мүлдем»  яғни «мүлдем қызық емес» дегенді білдіреді. 

 «Зың» - Шымкенттік Болат Нұрымовтың «Зың-Зың» әнінен кейін қолданысқа енген сөз. Зың - күшті, керемет деген мағынада айтылады. 

 «Базар жоқ» - сөз тапқанға қолқа жоқ немесе ризамын, сенімен келісемін дегенді білдіреді. 

 Бұл сөздің төркіні - Тұрсынбек Қабатовтың құрған әзіл-оспақ театрының атауына сәйкес шықты. Қабатов журналистерге берген сұхбатының бірінде осы атау туралы:- Негізі көп адамдар бұл атауды жаргон сөз деп қабылдап жатады. Бірақ, олай емес. Бізден басқа әзіл театрларына қарасаңыз, олардың барлығы командалық ойын көрсетеді. Яғни, сахнаны үлкен бір базарға айналдырып жібереді. Ал «Базар жоқтағы» өнерпаздардың барлығы жеке орындаушылар әрі қазақы қалжыңмен ойын көрсетеді. Сондықтан басқалардай сахнаға бәріміз бірдей шығып, оны дуылдаған базарға айналдырмайтын болғандықтан, осылай атаған болатынбыз. Бұл атау біздің болмысымызды көрсетіп тұр десек те болады, - деп түсіндіріп берген болатын. 

 «Лапша ілді» сонымен қатар «Құлақтан тепті» - қоянның суретін салды дегендей жастардың өздері ойлап тапқан тіркесі. Бұл сөз - алдады, өтірікші дегенді білдіреді. 

 «Картопты жарды» - әзілдеді дегенді білдірсе, «мат қылды» - жеңді, «шелек болды» - тәкаппарланды, «сындым» - ғашық болдым деген мағынада қолданылады. 

 Бейәдеп сөзге әуес болмай, тілге бай қазақтың мағыналы, айтар ойы бар, айшықты сөздерін қолдансақ екен. Бұл сөздердің 90 пайызы жайдарманнан, әзілді бейнелерден тараған. Мәселенің шешімі, әзілді орынды айтылуы мен сөздің орнымен қолданылуында, шығар, бәлкім.  

Әрекетке - берекет
Кездейсоқ кездейсоқтық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу