Енді қандастар жұмысқа орналасуға міндетті болады

Oinet.kz 26-03-2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыруға бағытталған қолданыстағы ережелерге өзгерістер енгізуді ұсынды. Тиісті құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

image.png

Әңгіме 2023 жылғы 22 маусымдағы №234 бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы болып отыр. Ұсынылған түзетулер ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасының тиімділігін арттыруды көздейді.

Жобаға сәйкес, жаңа өңірге көшіп барған азаматтар мен қандастар міндетті түрде жұмысқа орналасуы тиіс. Олардың еңбекпен қамтылғаны әлеуметтік аударымдар арқылы расталатын болады.

Министрліктің мәліметінше, тәжірибе көрсеткендей, ресми жұмыстың болмауы қоныс аударушылардың жаңа жерде тұрақтап қалуына кері әсерін тигізеді. Соның салдарынан кейбір азаматтар қайта көшіп кетіп, бұл өз кезегінде жергілікті бюджетке қосымша салмақ түсіреді.

Осыған байланысты ұсынылып отырған өзгерістер қоныс аударушыларды тұрақты жұмыспен қамтуға және олардың жаңа аймақтарға бейімделуін жеңілдетуге бағытталған.

Ведомствоның дерегінше, аталған түзетулер қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық салдар туындамайды деп күтілуде.

27 наурыздан бастап айыппұл төлеу тәртібі өзгереді
Депутат Алматыдағы 3 адам қаза тапқан жантүршігерлік апат туралы пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу