Басынан тепкен. Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды

Oinet.kz 26-03-2026

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінің жанында болған қатыгез төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады.

image.png

Оқиға 25 наурызға қараған түні шамамен таңғы сағат 05:00 шамасында "Pinta" мейрамханасының алдында болған. Кадрлардан екі ер адамның жерде жатқан үшінші азаматты басынан теуіп жатқанын байқауға болады. Жалпы жанжалға бес адамның қатысқаны анықталған.

Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, күдікті ретінде бес адамды қолға түсірді. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы белгілі. Әрқайсысының әрекетіне заң аясында құқықтық баға беріледі.

Ведомство өкілдері ешкімнің мәртебесіне немесе таныстық байланыстарына қарамастан, заң алдында бәрі тең екенін атап өтті.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ШҚО әкімінің орынбасары сотта өз кінәсін мойындады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу