БҚО-да ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды
Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсас нысанның құлау фактісі тіркелді, деп хабарлайды Оinet.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ақжайық ауданы аумағында табылған белгісіз затқа қатысты тексеру басталған. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары уәкілетті қызметтермен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, табылған нысан елді мекеннен алыс жерде орналасқан. Сондықтан тұрғындарға тікелей қауіп жоқ.
Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, белгісіз аппарат Қарауылтөбе ауылының маңына құлаған болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған ұқсас жағдайлар өңірде өткен жылы да бірнеше рет тіркелген еді.


