Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Қыз - қонақ, қыз - жат жұрттық, - деп халқымыз ерекше құрметтеп, төрінен орын берген. Оның серігін тауып, келін атануын өзіндік мақсат еткен. Дегенмен, қыз ұзатылғанда көзге жас алмайтын жан жоқ шығар? Мәпелеп отырған қызың кім қисын? Алдына ақ төсеп, оны басқызбай, аппақ етіп, адал ниетпен шығарып салу қазақ халқына ғана тән қасиет. Бүгінгі таңда қызды ұзататындар арасында өзара бәсекелестік, едәуір, өршіді. Ұзатылатын қыздардың сұранысы бойынша алдыңғы үштікте тұрған ән мен әншіні талдап көрейік.
1. Қыздардың 75 пайызы өз ұзатуында Жазира Байырбекованы көргісі келеді екен.
Қара таудың қиясы бар,
Қара талдың ұясы бар.
Жат жұрттыққа жаратылған,
Қыздың қандай кінәсі бар?
Қайырмасы:
Әй, әй керім бұран белім,
Бағыңды ашсын барған жерің,
Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
Айдын көлдің құрағы бар,
Аққу қаздың сыңары бар.
Қыдыр ата жағып кеткен,
Қыздың қырық шырағы бар.
Қайырмасы:
Әй, әй керім бұран белім
Бағыңды ашсын барған жерің ,
Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
Арпа ма екен, бидай ма екен,
Төкпей шашпай жинай ма екен?
Туған жерін қыз баланың,
Қимайтыны қинайды екен.
2. Одан соң Мақпал Диханбаеваның сөзіне жазылған «Алақаннан ұщқан аққуым» әніне сұраныс жоғары. Бұл әнді орындаушылар саны шамамен 200-ден асады екен.
Алақаннан ұшқан аққуым
Барасың ұзақ шалғайға
Қанатың қалқам талмайма
Жаныңа медет болғайды-ай
Желкілдеп өскен құрағым
Еркіндеу өскен шырағым
Әкеңнің барма арманы
Табылса тенің сыңарың
Қарлығаш қанат қарағым
Қайырлы болсын қадамың
Өзіңсің енді еншісі
Кең жайлау екі араның
Алақаннан ұшқан ақ құсым
Бір үйге сенде бақпысың
Алыстап бара жатқаның
Арқама менің батты шың
Ағайын туыс ұяда
Жақынын жатқа қия ма
Ақ ордаң алтын бесігің
Келіп тұр ұшқан ұяңа
Жақсыда жаттық болар ма
Жаманға көңілің толар ма
Жұбыңмен келіп тұрғайсың
Жалғыздан-жалғыз оралма
Қош аман қызым қош аман
Көңілімді қайтем босаған
Алдыңнан ашсын бағыңды
Аттаған жаңа босағаң
Алдыңнан ашсын бағыңды
Аттаған жаңа босағаң
3. Дана Кентайдың орындауындағы ұзату жыры да ерекше өлең жолдарымен өріліп, жүрекке жетеді.
Жарыққа ұмтылған
Жадырап құлпырған
Осынау өлкенің гүлі едің, гүлі едің
Өмірдің заңы бұл, көнесің бәрібір
Елжіреп тұрса да жүрегің
Әкешім дарашым, ақ жүрек анашым
Өсірген ауылың, ағайын бауырың
Қол бұлғап қалуда соңында
Қайырмасы:
Бағың жансын барған жеріңде
Айналасын аппақ келінге
Арқа сүйер азаматыңмен
Бақытты болшы бұл өмірде
Бақытты қылар деп
Күтіп тұр бір әулет
Жат жерге барасың, орамал тағасың
Таққасын орамал, жарыңа бол адал
Сен енді келінсін, анасың
Анашың сиақты, ар менен ұятты
Жаныңа мәңгілік серік қыл, серік қыл
Туылған мекенді, асқар тау әкенде
Сағынсан келіп тұр.