Бітіру кешіне марқұм анасының қатты қағаздан жасалған көшірмесін алып келді
2019 жылдың 16 шілде күні Филиппиндық жігіт өзінің бітіру кешінде анасымен түскен суреттерін әлеуметтік желіге жариялады. Анығырақ айтсақ, анасының қатты қағаздан жасалған көшірмесімен түскен суреті.
Суретте Паулоның отбасы: өгей әкесі және екі қарындасы.
Паулоның анасы 2016 жылы пневмониядан көз жұмған екен. Көзі тірісінде, баласының абыройлы, білімді азамат болуын армандаған.
Твиттеріне Пауло Алинсог : «Менің сұлу анама! Сіздің ұлыңыз оқуды үздік тәмамдады, мақсаттарыма жетемін. Сіз ол жерде Құдайдың алдында бақыттысыз деп үміттенемін. Мен колледжді бітірдім, өйткені бұл сіздің арманыңыз. Мен сізді қатты жақсы көремін, сағындым» - деген постпен бөлісті.