Әйелге қатысты тыйымдар

Oinet.kz 06-09-2020 904

Әйелге бүйірін таянып тұруға болмайды. Өйткені күйеуін жоқтаған әйелдер ғана солай істейді.

Әйелге түнде суға баруға болмайды. Өйткені қорқып, шошыма ауруына ұшырауы мүмкін.

dZuCTc7GpS4.jpg

Екіқабат әйелге түйе етін жеуге болмайды. Әйтпесе ол баланы 12 ай көтереді. Егер ол 12 айда да тумайтын болса, бураның мойнына ақ мата салып, содан аттап өткізген.

Жаңа босанған әйел киіз үйге кірген итті қумайды. Егер қуса, тістері түсіп қалады деп жарамалдаған.

Әйел отынды ошақтың үш бұтының үстінен асырып жинап қойса, күйеуі басқа әйелге үйленеді.

Қонақ қыз босағаға емес, қарттар отыратын құрметті орынға отырады. Әйтпесе үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды деп есептеген.

Екі қабат әйел керілген арқаннан аттап өтпейді. Өйткені босанған кезде баланың кіндігі мойнына оратылып, тұншығуы мүмкін дейді.

Әйел аттылы ер адамның жолын, үлкендердің алдын кесіп өтпейді. Бақытсыз жағдайға душар болады.

Әйелге шашын отқа тастауына болмайды. О дүниеде құдай әйелдер мен қыздардан «саған берген шашымды қайда тастадың» деп сұрайды. Әйел тарақ жүзіндегі шашты жинап, аяқ баспайтын жерге қоюы керек.

Кір жуғанда кірдің суын жолға, аяқ астына төгуге болмайды. Кірдің суын басқан адам жаманшылыққа ұшырайды.

Түн ішінде кір жаймайды. Өйткені әйел қорқып, шошыма ауруына шалдығуы мүмкін.

Әйелге шашын жайып жүруіне болмайды. Өйткені қаралы әйел ғана шашын жайып жіберетін болған.

Жұма күні кір жууға болмайды. Жұма күні кір жуылса – аруақтар риза болмайды.

Айт мейрамы кезінде кір жууға болмайды. Өйткені айт – қазақ халқының діни мейрамы, қасиетті мерекесі.

Қызға құйымшақ жегізбейді. Құйымшақ жесе, жеңілтек болады деп санайды.

Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.

Екіқабат әйелге ара, қайшы ұстатпайды.

Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады.

Жігіттің бойындағы 7 кемшілік
Шыңғыс хан өсиеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу