Киім – кешекке қатысты ырым - тыйымдар

Oinet.kz 06-09-2020 1095

Қазақ халқы адамның денесіне, бас - аяғына киетін киім - кешекті қастерлеп, құрметтейді. Оған байланысты салт - дәстүр, сенім - наным, ырым көп. Қазақ киім - кешекті мұқият таза сақтап, киіп қажетке жаратады.

78_main.jpg

Теріс киме

Теріс киме бөркіңді, бұзып кетер көркіңді.

Ырым, сенім талайды, тәубесіне келтірді.

- Теріс кисе не етеді? Оған дәлел жетеді.

Алға басқан аяғың, кейін қарай кетеді.

• Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап киім кию жақсы ырым саналады.

• Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

• Тозбаған киімді тастауға болмайды. Қазақ халқында тозбаған киімді тастау – жаман ырым. Егер оны адам кигісі келмесе, біреуге сыйлау керек.

• Көпшіліктің алдында жалаңаш - жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

• Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

• Киімді сілкіп киген жөн, өйткені киімге жабысқан ұлы жәндіктер болса ұшып түседі.

• Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды. Ер баланың киімін кию жаман ырым саналады.

• Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

• Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

• Жастық орнына шалбарды жастамайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі болып саналады.

• Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

• Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

• Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.

• Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.

• Қос тымақ кигізбейді. Бұлай етсе екі қатын алады деп ырымдалады.

• Аяқ киімді тұрып киюге болмайды. Тек басына іс түскен кісі ғана аяқ киімді тұрып кимек.

• Ит көйлекті балаға жаны иттей берік болсын деп кигізеді.

• Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.

Ерлі-зайыптылардың ұзақ жыл тату-тәтті ғұмыр кешулерінің құпиясы
Ешкімге айтуға болмайтын жеті құпия
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу