Нұржігітов тірлікті түзей алмады
31-05-2023
Қай қыз - келіншек болсын ер - азаматтың бойынан көргісі келетін ең басты қасиет ол – сенімділік, тұрақтылық. Сенімділік дегеніміз бұл – толық жетілгендік. Өкінішке орай, кез келген жігітің бойынан ондай қасиетті ұшырастыра алмайсыз. Жетілу адамның жасына байланысты деп ойламаймын! Себебі жасы 20 - да болса да ақыл тоқтатқан байсалды жігіттер бар, жасы 40 - тан асса да ақыл кірмеген «есерсоқтар» бар. Жасы 40 – қа келсе де ақыл кірмеген адамға болашақта ақыл кіреді дегенге күмәнім бар!
1. Албырттық, ырықсыздық
Маңызды шешім қабылдай алмайтын адам эмоцианалды түрде жетілмеген. Өмір әртүрлі тосынсыйға толы, сондықтан жігітке салқынқанды болу жарасымды. Маңызды шешім шығару кезінде қызуқандылыққа салынып асығыс шешім шығару ақымақтық.
2. Күйгелектік
Түймедейді түйедей ету. Кішігірім туындаған мәселені шешудің орнына күйгелектікке салып қиындатып жіберу. Бұл эмоционалдық жетілмегендіктің және уақытпен санаспаудың белгісі.
3. Өзіне сенімсіздік
Бұндай адамдардың таныстары мен достары аз. Олар барынан айрылып қалудан қатты қорқады, жақындаған нәрсеге жабысып алады. Әңгіме барысында олардың өз қабілетіне деген сенімсіздігін байқайсыз, жалғыз қалудан қатты қорқады.
4. Айыптау
Эмоционалды түрде толық дамымаған адамның тағы бір қасиеті ол жанындағы адамды айыптауға дайын тұрады. Айналадағылардың бәрі кінәлі өзі ғана «періште». Барлық жауапкершілікті сізге артып отыратын, сонымен қоймай, сізді айыпты санайтын осындай серіктес сізге қажет пе? Егер серігіңіз сізді үнемі кінәлайтын болса, ондай адамнан іргеңді аулақ салған жөн.
5. Қарым - қатынасқа дайын емес
Өзіне қажет кезде ғана пайда болатын адам.
6. Төсек қатынасына тарту
Маңызды мәселені шешуден гөрі төсек жақындығын оңайырақ көреді. Адамды тыңдау мен түсінуден гөрі көрпесін бүркеп алып ұйықтағанды жаны сүйеді. Негізінен мұндай жігіттер көбіне өзінен әлдеқайда жасы кіші қыздармен сөйлескенді қалайды.
7. Болашақтан не қажет екенін өзі білмейді
Оның болашақ жоспары жоқ. Мұндай адамдар болашаққа жоспар құрмайды. Ол бүгінгі күнмен ғана өмір сүреді. «Ертеңін ойламағанның тірлігі зая, елін ойламағанның ерлігі зая» - демекші ертеңгі күнін ойламайтын адаммен болашағыңды жоспарлау да зая.
Құрметті қыздар, жұбыңызды қателеспей табуыңызға тілектеспін!