«Келін шаңырақтың құлы». Жеңіс Ысқақсова ұлының ажырасып кеткенін айтты

Oinet.kz 11-04-2019 1974

Screenshot_3.jpg

Жеңіс Ысқақова ел алдында алғаш рет отбасында орын алған жағдай туралы баяндады. Әнш 2017 жылы шаңырақ көтерген ұлы мен келінінің ажырасып кеткенін айтқан деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, оның келіні Карина енесі Астанадан келгенше төркініне кетіп қалған.

"Мен келін алдым деп, тізгінімді бердім. Шақырылған жұмыспен Астанаға кеттім. Бірақ тізгінді де, шаңырақты да алып жүре алмады. Ол қыз болғысы келді. Сосын қыз болсаң, үйіне барып... Мен Астанадан келгенше, қайтадан үйіне барып қыз болды. Әңгіменің шыны сол!

Келіп алып, қыз болғысы келетін келіндер бар. Ол түсіну керек, сен келдің бе, сен келінсің! Менің айтатыным "Сен күйеуіңнің, балаңның, жалпы шаңырақтың құлысың". Сен күйеуіңнің жағдайын жасауың керек. Тамағының тоқтығы былай тұрсын, оның көңіл-күйі, балаңның, жалпы шаңырақтың көңіл-күйі әйелдің қолында", - деді әнші.

Сондай-ақ Жеңіс Ысқақоваға ұлы мен келіні не үшін ажырасып жатқанының себебін айтпаған.

"Енді мүмкін түсініспеушілік пе, біздің балаларымыз асықты ма? Махаббаты алдамшы болды ма, білмеймін. Менің бір түсінбейтінім: сүйген адам отқа да түседі, суға да түседі. Сол сүйгеніңнің қасында болу үшін, тіпті айдаһардай ене отырса да, соған көну керек", - дейді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші 2017 жылдың көктемінде келініне өз қолымен сырға салған болатын.

Ал өткен жылдың соңында әнші ұлы мен келінінің өзіне ескертпестен, бөлек шығып кеткенін айтқан еді.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Гауһар Әлімбековаға жиналған қаражат қайда кетті?
Әсел Сәдуақасова шоу-бизнесте небір сұмдықты көргенін жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу