Әсел Сәдуақасова шоу-бизнесте небір сұмдықты көргенін жеткізді
Бүгінде танымал кинопродюсерге айналған Әсел Сәдуақасова шығармашылық жолын әншіліктен бастаған. Алайда бүгінде өзін бұл саладан көрмейді. Сахнаға алғаш 17 жасында қадам басқан Әсел осы уақытқа дейін шоу-бизнесте небір сұмдықты көргенін айтады.
Тимур Балымбетовтың "Шыны керек" бағдарламасында актриса өзіне төсек қатынасын ұсынғандар жайлы ашық айтты, деп жазады Stan.kz.
"17 жасымнан бастап, шоу-бизнеске келген алғашқы күннен осы күнге дейін маған басқаша қарайтын адамдар бар екенін сеземін. Ұсынуға келсек, ол бөлек әңгіме. Қазір мен қалыптасқан тұлғамын, өзімнің бизнесім бар. Кино менің өмірімді түбегейлі өзгертті. Қазір адамдар маған құрметпен қарай бастады. Осы соңғы 4 жылдың ішінде менің тарапыма ондай сөздер айтылған жоқ. Ал бірақ шоу-бизнесте болған", - деді Әсел.
Сәдуақасова 20 жасында өзін тығырыққа тіреп, ыңғайсыз ұсыныс білдірген жан туралы айтты. Сөзіне қарағанда, ол адам әлі күнге дейін осы салада жұмыс істейді. Сондықтан да актриса оның есімін атаудан бас тартты.
"Сексуалды алымсақтық болған жоқ. Бірақ: "Кеттік, содан кейін сенде бәрі болады", - деген сөздер айтылды. Ол кісінің кім екенін айтпаймын. Ол адам әлі де осы салада жұмыс істейді. Бір жолы: - Еліміздегі ең танымал адам болғың келе ме? - деді, мен де ақымақ ұқсап:
- Иә, әрине.
- Жақсы ендеше, бүгін кешкі ас!
- Мен бара алмаймын, жігітім бар. Мүмкін сізге "Қазақфильмге" барармын?
- Жоқ, міндетті түрде кешкі асқа баруымыз керек.
Мен "жоқ" деп едім, "онда ренжіме" деп шығарып салды", - дейді Әсел Сәдуақасова.