Абайдың шығармалары ұлықталды

Oinet.kz 11-08-2020 680

Screenshot_6.jpg

Шымкентте Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде  «Ғұлама әлемі» ашылды. Онда данышпан ақын, ойшыл қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының өлеңдер жинағы, қара сөздері жинақталған түрлі әдеби мұралар қойылды.Маңызы ерек, мәні бөлек бұл шараға Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлесігінің төрағасы Берік Бекжанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәжит Ілиясқаров, мәдениет майталманы, драматург Сая Қасымбек, салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің басшылары мен өнер, театр өкілдері қатысты.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған “Ғұлама әлемінің” ашылу салтанатында арнайы сөз алған Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінінің төрағасы Берік Бекжанов бұл шараның маңыздығына тоқталып, алдағы уақытта “Ғұлама әлемінің” өзге де құнды дүниелермен толығатынын жеткізді. Онымен қоса, Берік Айдарбекұлы болашақта Абай оқулары ұйымдастырылып, халқымыздың мақтанышы, ұлтымыздың данышпаны, Ұлы ақынның дүниелерін халыққа насихаттауда кәсіподақтардың өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Бірлестік төрағасы Берік Бекжанов Абайды оқу аздық етеді, Абайды тани білу, түсіне, ұғына білу қажеттігін тілге тиек етіп, әлемге танылған классик ақынның айтқан баға жетпес байлығы – қара сөздерін, пәлсапаға толы ой-пікірлері, түйдек-түйдек түйінді тұжырымдарын күнделікті өмірде қолдана білуіміз қажет екенін де екшеп өтті. Себебі, Абай мұрасы ұлтымызды тағдырдың талай тарам жолдарынан, сындарлы сынағынан алып өтетініне кәміл сенімдіміз. Абай мұрасын кеңінен насихаттау – игілікті іс, келер ұрпаққа артылар зор аманат!


Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Дәстүрді жаңғырту жалғасуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу