Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жалғас - әке-шешемнің көптен бері күткен алғашқы немерелері. Ұлымның асты-үстіне түсіп жүрген олар оның бетін ешқашан қаққан емес. Дүкеннен сұраған затын әперіп, айтқан жағына алып барады. Шыны керек бала жұбайым екеуміздікі емес кемпір шалдың «меншігіне» айналды. Қонаққа да, базарға да немерелерін қолтықтап алып жүреді. Бірде Жалғасты емханаға екпе салдыртуға апару қажет болды. Әке-шешем сол күні басқа қалаға жол жүріп кеткен еді. Әйелімнің үй тірлігінен қолы босамағасын жұмысымнан сұранып менің баруыма тура келді. Ұлымды ертіп, емханаға қарай бет алдым. Жолда дүкенді көрген Жалғас шоколад әпер деп қиғылық салды. Күннің ыстығында шоколад жеп, киімін былғап алар деген оймен қайтарда алып беремін дедім. Сөзіме көне қоймаған ол жылай бастаған соң амал жоқ, сатып алып бердім. Дәрігерге көрініп болған соң баланы үйге тастап, жұмысқа оралуға асықтым. Автобустың ішінде отырған балам терезеден саябақтағы ролик теуіп жүрген балаларды көріп сонда барайық деп тағы қиғылық салды. «Қазір емес, ертең апаң-атаң барлығымыз келеміз» дегеніме қарамай «қазір барамыз» деп айғайға басты. Автобустың шінідегі адамдардың барлығы маған жақтырмай қарап қалды. Мен баланы көндіре алмай әлекке түстім. Әкесінің сөзіне құлақ аспағасын шыдамым таусылып, сол жерде оны сабап-сабап алдым. Менен мұндайды күтпеген ұлым есеңгіреп қалды. Сол күннен бастап ол маған мүлдем сөйлемей қойды, баяғыдай еркелеуін де тоқтатты. Тіпті жоламайды да. Сонда өз ісіме қатты өкіндім. Неге шыдамдылық танытпай, жай сөзбен түсіндірмедім екен. Қанша дегенмен бала ғой, алдап болсын оны жұбатуыма болар еді. Болмашы себеппен балаға қол көтеруге болмайтынын енді ұқтым. Ұлымды сабаймын деп оның мейірімін жоғалтып алдым.
Дәурен Байсақалов, Алматы облысы