Еспанов әйелі өзінің оқушысы болғанын айтты
Нұрлан Еспанов әншілікке дейін мұғалім болғанын "Гу-гу-лет" бағдарламасында айтты. Ол орыс мектебінде шәкірттерге сабақ берген. Болашақ жарын да сол мектепте кездестіріпті. Бір қызығы Еспанов мектепке сүйген қызын күн сайын көру үшін ғана жұмысқа тұрғанын мойындады.
"Мектеп қабырғасында істедім. Ән пәнінен сабақ бердім. Келіншегіме де сабақ бердім орыс мектебінде. Оны алып кеткеннен кейін, мектептегі сабағымды тастап кеткенмін ғой. Соған қарап жүрейін деп сол мектепке жұмысқа тұрған болатынмын", - дейді Еспанов.
Сондай-ақ, танымал сазгер өнер ордасында басшылық қызметтер атқарғанын жасырмайды.