Ақбота Керімбекова төртінші рет тұрмыс құра ма?

Oinet.kz 20-03-2019 1628

Screenshot_3.png

Әнші Ақбота Керімбекованың үш некесі де сәтсіз аяқталғанын жұрт біледі. Десе де халық Ақботаның үшінші күйеуінен ажырасып кету себебін іздеп әлек. Мұның жауабын "Серпер" сыйлығының иегері "Сенбілік таң" бағдарламасында ашып айтты. Еріккеннен үш рет тұрмысқа шықпағанын жеткізген ол: "Еріккеннен екінші рет, үшінші рет тиейінші деген ойымда болған жоқ. Қасымда арқасүйер азаматым болса екен дедім. Әйел болғандықтан, кейде көліктің дөңгелегін ауыстыру керек. Жасымыз да келді, барған жеріңде қасыңда біреу отырса деген арманым болды. Бұл орайда, анау солай істеді, мынау бүйтті деп айта алмаймын. Көруші де, білуші де бір - Алла. Қанша шындықты осы уақытқа дейін айтқаныммен, жасыра алмаймын. Бар болмысым осы", - деді әнші. "Ажырасуға бар себеп - түсінісе алмаушылық" дейді ол. Жүргізушінің "болашақта тағы да күйеуге шығасыз ба?" деп тұспалдаған сұрағына Керімбекова "бәрі уақыттың еншісінде" деп қысқа қайырды.

Еспанов әйелі өзінің оқушысы болғанын айтты
Ерсін Қойбағаров: Әрбір адамның тағдыры оқылмаған кітап
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу