Айгүл Иманбаева экс-күйеуінің 3-ші әйелі туралы ойын айтты
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың алған жары туралы ойын айтты. Әнші Әбдіхалықовтың үшінші рет үйленгенін өз ұлынан естіген екен.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК Show бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Иманбаева Әбдіхалықовтың үшінші жары Динара Абдуллинаны жақсы танитын болып шықты. Оның талантты актриса екенін атап өтті.
"Мен Сәбиттің үйленгенін ұлымнан естідім. Әрине, ол маған ескертуге, рұқсат сұрауға міндетті емес. Сондықтан өзі біледі. Оған еш өкпем де, назым да жоқ. Бақыт тілеймін. Динараны жақсы танимын. Өте сұлу, талантты актриса. Мінезі де жақсы. Тік мінезді. Тартымдылығы бар. Театрда біршама жақсы рөлдерді сомдады. Ертең не боларын бір Алла ғана біледі. Сондықтан артық сөз айтқым келмейді. Әр түрлі алып-қашпа әңгіме айтылып жатыр. Оның ақ-қарасын құдай біледі. Маған ұлыма әке керек. Тойында арқа сүйейтін әкесі тұрса деймін. Одан басқа ешнәрсе қаламаймын", - дейді Айгүл Иманбаева.
Айта кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айында Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет отау құрды. Бұл жолы продюсердің таңдауы театр актрисасына түскен. Динара Абдуллина Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер және балалар театрының актрисасы.