Тойға қонақ болып барып жалақы аласыз

Oinet.kz 16-06-2009 1318

Screenshot_3.jpg

«Тойдың қызықты өтуіне кепілдік береміз!». Бұл Жапонияда пайда болған жаңа бизнестің ұраны. Күншығыс еліндегі жаңа бастама:  үйлену тойларына арнайы «қонақтардың міндетін атқаратын» азаматтарды ұсынуды білдіреді. Әрине, тегін емес. Жапония мен Қазақстанның арасында ұқсастық көп. Соның бірі – неғұрлым сыйлы адам болсаң, тойыңа соғұрлым адам көп жиналады. Осындайда адам саны аз болып қалады ма деп сескенгендер әлгі фирмаларға барып, жалған қонақтарды шақырады. Өтірік тілеулестердің келгені үшін кемі 200 доллар төлеу керек. Үстінен  50 доллар артық төлесеңіз, сатып алған «су жаңа» қонағыңыз жердің шаңын қағып тұрып  билеп береді. Қаласаңыз, ән де шырқайды. Ал, 100 доллар қоссаңыз болғаны, әлгі сізді танымайтын жалдамалы қонағыңыз сізді жер-көкке сыйғызбай мақтай жөнеліп, өзгелердің алдында мерейіңізді өсіреді. Бір қызығы, жалған қонақтарды тек үйленуге емес, басқа да іс-шараларға шақыру  жиілеп барады. Мәселен, қайтыс болған адамды жерлеуге (марқұмның қандай сыйлы да қадірлі адам болғанын көрсету үшін) немесе танымал профессордың лекциясына (шын мәнінде өте талантты әрі беделді ғалым екенін дәлелдеу үшін) да шақыруға мүмкіндік бар.  

Ал Оңтүстік Кореяда бизнестің бұл түрін одан әрі дамыта түскен. Жора-жолдастарыңыздың алдында мақтанып, өзіңізді  бизнесмен ретінде танытқыңыз келсе, арнайы фирма арқылы мықты офис, әдемі хатшы қыз бен жарқыраған лимузинді табуға болады. Ал өзіңіз әп-сәтте тасы өрге домалап тұрған фирманың  қожайыны болып шығасыз. Бұл қызмет түрлеріне деген сұраныс тіпті дағдарыс кезінде де өте жоғары болып тұр. 

"Рувлевкада" элиталық салатты гастарбайтерлер жасап келген
София Ротару түрмеге түсуі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу