Мені шұлығыммен көміңдер!

Oinet.kz 21-02-2020 2804

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені қабірге шұлығыммен көміңдер!» - депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді.

шұлық.jpg

«Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» - дейді. Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін?..» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «Жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «Бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы», - деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған екен: «Балам, байқағаныңдай, мен осынша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»

Қарт Ананың марқұм шалына жазған хаты…
Құрт – ажалдан құтқарған асыл тас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу