Жұмбақ

Oinet.kz 11-11-2019 968

жұмбақ.jpg

Жер бетінде өмір сүруге тиісті мерзімді - ақша деп елестетіп көрші. Дүние есігін ашқан кезде белгілі бір соманы картамызға салады деп есептелік. Бірақ оны жұмсау үшін бірнеше шартты орындау керек.

Бірінші шарт. Картада қанша ақша бары белгісіз. Банкоматтар баланс туралы есеп бермейді.

Екінші шарты. Ақшаның өз лимиті бар. Олардың бәрін бір сәтте алып, пайызға беріп тастай алмайсың. Яғни, жұмсағаның шотыңнан сызылып қалады, бірақ ешқашан еселенбейді.

Үшінші шарты. Сатып алғаныңның ешбірі қайтаруға және айырбастап алуға жарамайды.

Қызық па? Көз алдыңа елестетіп көрдің бе?

Ал енді сұрақ: сол ақшаны неге жұмсар едің?

Өз ақшаңды (уақытыңды) неге жұмсаған жөн?

Алексей Похабов - "Философия мага"

Аударған Шынар Әбілдә

Икигай деген не және оны қалай табады?
Әр адамда осындай періште бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу