Икигай деген не және оны қалай табады?

Oinet.kz 11-11-2019 3919

Бірде күні жапонның кішкентай бір қаласында бір әйел өлім аузында жатады. Бір кезде ол жанының денесін тастап жоғары көтерілгенін және бабалар рухының алдында тұрғанын сезеді.

Одан күшті дауыс: «Сен кімсің?» - деп сұрады.

«Мен мэрдің әйелімін» - деп жауап берді ол.

«Мен сенен күйеуіңнің кім екенін сұрап тұрған жоқпын. Маған жауап бер, кімсің сен?»

«Мен төрт баланың анасымын. Мен мектепте мұғаліммін».

«Мен сенен сенің қанша балаң бар екенін немесе сенің қайда істейтініңді сұрадым ба?»

«Мен жанұяма көмектесу үшін және балаларды мектепте оқыту үшін күн сайын оянатын анамын» деп айтқанынша осылай жалғаса берді. Осыдан кейін ол денесіне қайта оралды да, аурудың беті қайтты. Ол өзінің икигайын тапты».

әйел мен ер.jpg

Икигай

Жапонша ұғымдағы «икигайды» орыс тіліне бір мағынада аудару өте күрделі, бірақ шамамен «күн сайын бізді қуанып ұйқыдан тұруға итермелейтін, өмірімізге мағына беретін нәрсе» деп түсіндіруге болады.

Окинава аралындағы жапондар бұл ұғымды өз философиясының бір бөлігі еткенімен икигай батысқа еш белгілі емес деп те айтуға болмайды. Біз оның ізбасарларын көп кездестірдік, әсіресе өз өмірінде көп нәрсеге қол жеткізген адамдардың арасынан:

"Біз тағы да жұмысқа кірісу үшін таңды тағатсыздана күттік" – дейді ұшақ конструкторы.

"Жақсы көрген нәрсеңізді ғана істеңіз. Бұл міндетті түрде табысқа жеткізеді! Мен күнде таңертең айнаға қарап, өзімнен сұраймын: Егер бүгін менің өмірімнің ең соңғы күні болса, бүгін шұғылданатын нәрсемен шұғылданар ма едім? Егер көп қайталанатын жауап «жоқ» болса, онда маған бір нәрсені өзгерту қажет», - дейді Apple басшысы Стив Джобс.

Өмірге деген құлшыныс, өз ісіңе шұғыл кірісуге ұмтылу және оны ойдағыдай етіп орындау адамдарға өз қадірін сезінуді, қанағаттану сезімі мен өмірдің мәнін түсінуге жол ашады. Өзінің икигайын білетін адамдарға жабырқау сезімі жат, олар өмірге деген құлшынысын сақтайды және деструктивті әдеттерден аулақ болады. Сондықтан ұзақ та мағыналы өмір сүргісі келген әрбір адам үшін таңертең тұрудың себебін өзі үшін табу аса маңызды.

Өз икигайыңды қалай табасың?

Өзіңнің ең басты ісіңді ашуға сізден, мүмкін, мол уақыт пен қуат қажет шығар. Сізге саналы және маңызды шешім қабылдау керек және өкініштісі, көптеген адамдар оның қажеттілігін өте кеш түсінеді. Өз икигайыңды іздеуді неғұрлым ерте бастасаңыз, өз өміріңізден қанағат пен жан тыныштығын соғұрлым тез сезінесіз. Міне сізге іздеуге көмектесетін бірнеше сұрақтар мен жауаптар:

- Жетістіктер. Сіз өз өміріңіздегі қандай жетістікті ең құнды деп санайсыз? Бір парақ қағаз алып шынымен өзіңіз мақтаныш тұтатын 2-3 ісіңізді жазыңыз. Бұл өз икигайыңызды іздеп табу нүктесі қызметін атқаруы мүмкін.

- Білім. Сіздің ерекше білімдеріңіз бен дағдыларыңыз неде? Не нәрседе өзіңізді маманмын деп санайсыз? Не жөнінде сіз рақаттана айтасыз, қандай тақырыптағы әдебиетті оқисыз? Бос уақытыңызда қандай сайттарды жиірек көресіз?

- Түйсік. Өзіңіз білетін саладағы жұмыс мансаптық табыс кепілі. Бірақ сіз бақытқа кенелгіңіз келсе, онда нені сүйсеңіз, сонымен айналысу керек. Сіздің іскерлік табыстарыңыз жүректегі қуанышпен бекімесе сіздің икигайыңызға әсер етпейді. Ең алдымен осыған көңіл аудару қажет.

- Өзін-өзі бағалау. Сіз өз армандарыңызда өзіңізді қалай көресіз? Сіз оқытушы, заңгер, ана, ғалым, кітап шығарушы, фермерсіз бе? Мүмкін, сіздің өз болашағыңызға деген бағаңыз сіздің күш-жігеріңізді бір жерге шоғырландыруға көмектесетін шығар.

- Тұлға. Дүниеде бірдей адамдар жоқ және әр тұлғаға мүлде бөлек жұмыс түрлері сай келеді. Өзіңізді тұлғалық қалпыңызды біле отырып сіз кей жұмыстың зор қанағат әкелетінін, ал кейбірінің жүрегіңізді селт еткізбейтінін түсінесіз.

Икигайды іздеу үшін бәрінен бұрын нені қалағаныңыз бен бәрінен бұрын не қолыңыздан келетіні қиылысқан жерде сіздің басты ісіңіздің орналасқанын көрсететін арнайы картаны пайдалануға болады.

Соңғы тілек.

"Сен нені жақсы көресің, соны табуың керек. Өзіңнің сүйікті адамың сияқты өзің жақсы көрген жұмысты табу да қажеттілік. Жұмыс сенің өміріңнің көп бөлігін қамтитын болады, жұмыстан қанағат алудың жалғыз жолы - саналы түрде оны тамаша етіп орындау. Өз жұмысыңды тамаша етіп жасаудың жалғыз жолы – оны жақсы көру. Егер сен өзіңнің сүйікті ісіңді таппасаң, іздеуді жалғастыра бер. Таппайынша іздеуді тоқтатпа. Басқаларын қалай жүрегің сезсе, солай іздеген нәрсеңді тапқаныңды бірден түсінесің. Небір керемет қарым-қатынастардағы жағдайлардай сенің жұмысқа деген көңілін де күннен күнге еселене түседі. Сондықтан ізде және тапқанша тоқтама".

Стив Джобс. "Жоғарғы мақсат".

Қазақшалаған Мырзагелді Кемел

Әйелдің сиқыры
Жұмбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу