Өз адамыңды ізде

Oinet.kz 08-11-2019 1379

өз адамыңды тап.jpg

Ықыласты, қайратты, бақытты адамдарды ізде... Олар жұлдыз секілді, басыңды көкке көтермейінше – көре алмайсың. Жұлдызды аспанға қарап тұрып түсінесің – олар сондай көп. Сан жетпейді. Өз адамыңды ізде. Оның да жаны сенің жүрегің ауырғанға ауырады. Сен қорыққаннан қорқады. Оның басына да қара түнек орнаған, өз қателігі мен жүйкесі сыр берген сәттері болған. Сол үрейді жеңіп, өмірге көңілді ырғақ беріп, жаңа жолға түсіп отырады. Жақсыны да, жаманды да көрген. Ешкімнің ештеңесін қызғанбайды, өмірге шағымданбайды. Өмірдің сыйын алғыс айтып қабылдайды, жолы болғанда өзін жақсы көріп кететіні бар.

Адал әрі шыншыл жандарды ізде. Ашуы мен көз жасын екіжүзділігі мен жалған күлкіге жасырып, бармағын ішке бүгіп қалмайтындарды ізде. Сенің адамың ойлағанын жалтақтамай айтады. Кейде жаныңа тиіп кететін сөз де айтар. Бірақ дұрысын айтады. Шамыңа тиейін деп айтпайды, сені жақсы көрген соң солай айтуға мәжбүр болады. Сен үшін ынты-шынтысымен қуанатын, күлсе шек-сілесі қатып, еркін күлетін адамды ізде. Көтеріңкі көңіл күйінен қымсынбайтын, мінезін жасырмайтын, еркін адамды ізде.

Әр уақытта жақсы көріп тұратын адамыңды ізде. Сені қанша күту керек болса, сонша күтетін, сезімің оянғанша көңілін басқаға бұрмайтын адамыңды ізде. Екеуің екі көл боп қосылып, үлкен теңізге айналатындай адамыңды ізде. Өн бойынан өмір тасып жатқан адамды ізде. Дауысы сыңғырлап, жаныңды баурайтын жанды ізде. Бетіндегі әжіміне дейін ыстық болатын адамды ізде. Әр түрлі саябақтан, сахнадан, көңілді ортадан, көңілсіз кештерден ізде. Олар кейде балаға ұқсап кетеді. Өмірге сенеді. Адамгершілікке сенеді. Бірақ ақ пен қараны айнытпай таниды. Дегенмен сары, қызыл, жасыл үшін де өмір сүре береді. Іздегін... Іздей бер. Басыңды көтеріп көкке қарауды ұмытпа.

Автор: Эрнесто Бонивур

Аударған Шынар Әбілдә

Леонардо да Винчидің зейін қою тәсілі
Қарт адамның дұғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу