Бас ауруын дәрісіз емдеудің 8 тәсілі
04-04-2021
Қайта Өрлеу дәуірінің атақты суретшісі Леонардо да Винчи тек көркем сурет пен ғылымда ғана жетістікке жетіп қоймай, психологияда да өзінің ізін қалдырыпты. Сана мен жанды бояу мен қаламұш арқылы емдеудің тәсілін жасапты. Оның өз тәсіліне енгізген 23 кеңесі бар. Қазіргі заманның психологтары да Винчидің айтқаны рас деп дәлелдеп отыр. Бұл тәсіл жүйкені тыныштандырып, сананы сергітеді екен. Кез келген қиын жағдайда жасап көруге болады.
Шаршасаң — гүлдің суретін сал.
Ашуға булықсаң — сызықтар сал.
Ауырсаң — мүсін сомда.
Ішің пысса — бір параққа түрлі гүлдің суретін сал.
Көңілсіз болсаң — кемпірқосақтың суретін сал.
Қорықсаң — макраме тоқы, құрақ құра.
Бойыңды үрей билесе — жіптен орап қуыршақ жаса.
Ызалансаң — қағазды ұсақтап жыртып таста.
Алаңдасаң — оригами құрастыр.
Қатты уайымдасаң — ою-өрнек сал.
Бір нәрсені еске түсіру керек болса — лабиринттің суретін сал.
Көңілің қалса — картинаның көшірмесін сал.
Күдерің үзілсе — жолдың суретін сал.
Бір нәрсені түсінгің келсе — мандаланың суретін сал.
Күш-қуатыңды тез қалпына келтіру керек болса — пейзаж сал.
Сезіміңді түсінгің келсе — автопортрет сал.
Осы күйді сақтап қалғың келсе — түрлі-түсті дақтарды сал.
Ойыңды жүйелеу керек болса — балауыз ұяшығын не шаршының суретін сал.
Өзіңді түсінгің келсе, тілегіңді айқындағың келсе — коллаж жаса.
Ойыңды тиянақтағың келсе — нүктелерден сурет құрастыр.
Жағдайдан шығатын шешім іздесең — толқын мен шеңбердің суретін сал.
Бір жерде ұзақ тұрып қалсаң, ары қарай қимылдау керек болса — спиральдің суретін сал.
Мақсатыңды айқандағың келсе – тордың, нысананың суретін сал.
Аударған Шынар Әбілдә