Нарыс
Нарысқа ғашық болу оңай екенін екінің бірі біледі. Ол өзінің сүйкімділігін жақсы түсінеді, елдің назарын өзіне немен аударарын жақсы біледі. Бір қарағанға оған тек елдің тәнті болғаны керек сияқтанғанмен, бұл оның көңілін көншітпейді. Нарысқа керегі сіздің махаббат. Өзінің эмпатиялық қабілетінің бәрін жетілдіруге ынталандыратын жалғыз құбылыс - сіздің махаббатыңызға ие болу. Сіз армандаған ақ тұлпар мінген бекзада, орындалмас арман, ғажап сұлу ханшайым болуға тырысып бағады. Әйтеуір сіз түсіңізде көрген жан болуға барын салады.
Кенет көз алдыңызда бар арманыңызды ерекше дәлдікпен орындап жатқан жанды көресіз. Ғажаптың ғажабы! Мұндай құбылыстан тек санасы сау адам қашып құтыла алады. Себебі, сол ғана мұнда бірдеңе дұрыс емес деп күмәнданады. Сезімге аш тұлға өзінің сұранысын қанағаттандыруға асығады. Себеп? Себебі, ол аш болғандықтан жан-жақты саралауға бейім емес. Ғажаптың иісінен басы айналады.
Ал, нарысқа сіздің махаббатыңыз керек. Біреу жақсы көргенде ол өзін керемет сезінеді. Әрине,ол үшін кім сүйетіні де маңызды. Көлденең көк аттының не келбеті келіспей қалған қыздың махаббаты оған керек емес. Ол тек таңдаулылардың махаббатына мұқтаж. Ары кеткенде бай адамды, танымал адамды іздейді. Ең қызығы, бұнысы вампиризмнің шегі. Көзі түскен адамның махаббатына кенелмесе, ол өледі. Өзін сүймеді деген танымның күн шуағында күлі көкке ұшады.
Сіздің жүрегіңізді жаулап аларда оның бар қылығын махаббатпен шатастырып алу оңай. Егер сүймесең, осыншалық тырысудың не қажеті бар деп ойлайсыз. Ол үшін жеңіп шығу – өлім мен өмір мәселесі. Сондықтан әбден тыраштанады. Ол ештеңесін аямайды. Себебі, есесіне ең жақсыны алатынын біледі. Өзінің мүлтіксіз ғажаптығын сездіретін махаббатқа ие болады. Мұндайды сезіну үшін жан пида.
Алла Далит
Аударған Шынар Әбілдә