Жаныңа түскен жара

Oinet.kz 08-11-2019 1436

жаралау.jpg

Егер жаны ауырмаса, адам қуанышты сезіне алмас еді. Жаныңа түскен жара қуанышты толық сезіндіреді. Әр нәрсенің қарама-қарсы мағынасы болады. Жаны ауырған адам қуанышты тереңірек сезінеді. Егер менен жан дерті туралы сұрасаңыз, мен былай дер ем: жан дерті болмаса өмір мен үшін мүлде қызықсыз боп қалар еді, себебі жан дертімнің арқасында жүрегім нәзік, сезімтал болды, жан жарамды сезіну үлкен қуаныш. Жан дерті болмаса ұлы музыканттар, ақындар, арманшыл жандар мен ойшылар дүниені дүр сілкіндерген ойларын айтқан биік белеске шықпас еді. Тек қуанышпен өмір сүрген адам ешқашан фәни дүниенің қадіріне жетпес.

Хазірет Инаят Хан

Аударған Шынар Әбілдә

Андрей Тарковский: «Өзіңмен оңаша қалуды үйрен»
Нарыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу