Ақ қарға

Oinet.kz 08-11-2019 1031

ақ қарға.jpg

Кәдімгі қара қарға мейрамханаға кірді де, бұрышта отырған ақ қарғаны байқады.

Ол бардың үстеліне жақындап келді де, елдің бәрі естісін деп қарқ етті:

- Даяшы! Осы мейрамханадан ас ішкендердің ақысын төлеймін! Ақ қарғадан басқасына!

Даяшы жүгіріп келіп, елдің бәріне тамақ таратты. Ақ қарғадан басқасына. Алайда ақ қарға өзін ыңғайсыз сезінбеді. Ол кәдімгі қара қарғаға қарады да, жымиды.

- Ризамын! Тәңір жарылқасын! – деді.

Оның бұлай деуі қара қарғаның шамына тиді. Ол тағы да әмиянын шығарып:

- Даяшы! Бұл жолы ақ қарғадан басқаларына шараптан әкел! – деді.

Даяшы тағы да әбігерге түсті, елдің бәріне шарап үлестірді. Ақ қарғаға әкелмеді. Бірақ ол ренжімеді. Тағы да:

- Ризамын! Алғыс! – деді.

Қара қарға ашуланып, барда тұрған даяшыдан: «Мынау ақ қарға қандай еді өзі? Одан басқа жұрттың бәріне тамақ әпердім, шарап әпердім, ал ол маған «Алғыс» дейді ғой тіпті... Есі дұрыс па өзінің?» Даяшы жымиды да: «Жоқ. Ол мейрамхананың иесі ғой» деді.

* Ашудан аулақ болыңыз. Ол тек сізге зиянын тигізеді.

* Егер сіздікі дұрыс болса, онда ашуланып керек емес

* Ал егер қателессеңіз, ашулануға қақыңыз да жоқ.

* Отбасындағы төзім – ол махаббат.

* Өзгеге төзімді болу – бұл құрмет.

* Өзіңе төзімді болу – бұл сенімділік.

* Құдайға төзім – бұл сенім.

* Өмірдегі әр сынақ бізге жақсы не жаман болуға бір мүмкіндік.

Аударған Шынар Әбілдә

Түйсігіңізге сенесіз бе?
Социализм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу