Социализм

Oinet.kz 08-11-2019 829

өмір емтиханы.jpg

Бірде экономика профессоры бір топты тұтасымен емтиханнан құлатқанын айтып берді.

Топтағы студенттер социализм бар, келешекте бай да, кедей де болмайды, елдің бәрі біркелкі өмір сүреді деп профессорға қарсы келіпті. Ұлы бірлік! Ендеше, депті профессор, осы топқа тәжірибе жасайық депті. Бәріңнің бағаңды орташа бағамен өлшеп, тегіс бірдей баға қояйық депті. Сонда ешкім құламайды, бірақ ешкім"озат" та болмайды.

Бірінші бақылаудың бағасы орта есеппен алынып, студенттердің бәрі "жақсы" деген баға алады. Жақсы оқитындар ренжіп, нашар оқитындар мәз болыпты. Алайда екінші бақылаудың кезінде жаман оқитындар мүлде оқымай, жақсы оқитындар да дайын асқа тік қасық болғысы кепті. Екінші бақылауды бәрі "қанағаттанарлық" бағаға жазады.

Ақырында нәтиже оңалмапты. Өзара ұрыс-керіс, кикілжің, кереғарлықтың кесірінен студенттер ауызбіршіліктен айырылып, ешкім бөтен адам үшін оқығысы келмепті.

Аударған Шынар Әбілдә


Ақ қарға
Ананың ақылы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу