31 дәрігер жұмыстан шығуға өтініш берді
Атырау перинаталды орталығының 31 қызметкері жұмыстан босату туралы өтініш жазған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытқа дейін облыстық перинаталдық орталығының 31 қызметкері жұмыстан босату туралы арыз жазды. Олармен денсаулық сақтау басқармасының, министрлік және кәсіподақ өкілдері жұмыс жасап жатыр. Бүгінде олар өз қызмет орындарында жұмыс істеп жатыр. Біз дәрігерлермен сөйлесіп жатырмыз. Олардың әрқайсысы адам өміріне араша түсіп жүрген білікті маман", - делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Атыраудағы дәрігер жаңа туған сәбиді тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінген болатын. Сонымен қатар, Атырау облысының бас дәрігері нәресте өліміне қатысты пікір білдірген еді. Егер ақ халаттылардың кінәлары дәлелденсе, олар 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылулары мүмкін.
Сонымен қатар, Біртанов баланың өлімі туралы жазуды өзгертуге болатынын айтқан еді.