Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан болады?
IBF және IBO титулдары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер (40-1-1, 35 КО) оның болашақ жоспарларымен бөлісті, деп inform.kz.
Кеше GGG төрешілердің шешімімен украиналық боксшы Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) жеңіп, әлемнің екі мәрте чемпионы атанған еді.
Біз DAZN-мен кездесіп, одан арғы жоспарды талқылауымыз қажет. Енді, Геннадий чемпион атанып отырғанда, титулдарды сақтап қалуы үшін алдына міндеттер қойылады. IBF, IBO және DAZN нені қалайтынын біліп алып, соған қарай әрекет жасаймыз. Дегенмен, Геннадий келесі жылдың басында рингке қайтқысы келетінін білемін.
«Канело» Сергей Ковалевке қарсы айқаспақ. Бұл керемет жекпе-жек болады. Біз Альвареспен жұдырықтасамыз деп ойлағанбыз. Бұл жайында әңгіменің барлығы мезгілсіз айтылып жатыр. Себебі DAZN-ға не керегін біліп алуымыз керек. Содан кейін Геннадиймен отырып, оның не қалайтынын талқылауымыз қажет», - деді Seconds Out-қа берген сұхбатында Том Леффлер.