Қазақстанда ет қымбаттады
Елімізде бір жылдың ішінде еттің бағасы айтарлықтай қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz порталында жарияланды. Әсіресе, тауықтың сан етінің бағасы 19,3%-ке көтерілген. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.
Қазір сан еттің келісі 822,6 теңгеден сатылуда. Ал тауық еті жыл басынан бері 18,6%-ке қымбаттап, 897,9 теңгеге жетті.
Қой еті 16,8%-ке қыматтаған. Келісі 1676 теңгеден саудаланып жатыр. Сиыр еті 15,1%-ке қымбаттап, бағасы 1748 теңгені құрады. Талдаушылардың есебіне сүйенсек, жылдың соңғы тоқсанында ет пен ет өнімдерін тұтыну 1,8%-ке азайып кеткен.