Нұрлан Әлімжанов «Томирис» фильмінің Дариға Назарбаеваға қатысы туралы айтты

Oinet.kz 07-10-2019 1051

Картинки по запросу нұрлан әлімжанов

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов «Томирис» фильміне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, кинокартинаны сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның "сайлауалды ролигі" дегендерге жауап берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайты sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен бұл фильмді саясаттандырғым келмейді. Жалпы бұл біз дүниеге келмей жатып болған тарихи оқиға. Бала кезімде сүйіп оқыған кітаптарымның бірі. Мәселе онда емес. Қаншама қыз Томирис апасындай болғысы келеді. Бұл жерде әңгіме Дариға Назарбаева туралы емес. Мәселе "Томирис" фильмінің құндылығында, ұлтжандылыққа тәрбиелейтін идеологиясы бар деп ойлаймын", - деген пікір білдірді актер Нұрлан Әлімжанов.

Мәжіліс депутатының пікінше, қазір қазақ қыздары жалаңаштанып, ойына келгенін жасап жатыр. Ал бұл туынды өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, қайсарлыққа, отбасы құндылықтарын сақтауға, өмірлік жарына адал болуға тәрбиелейді.

Нұрлан Әлімжанов "Томирис" фильмін отбасымен бірге тамашалаған. Айтуынша, кинотуынды оған қатты ұнапты, өте жақсы әсермен шыққан. Десе де, актер фильмде Томиристің әкесінің кегін қайтарған сәтіне көрермендердің айызы қанбай қалғанымен келісті.

"Тез өлтіріп жіберді, жасыратыны жоқ. Жетпей қалған тұс әр кинода да болады. Бірақ, кейде созса, тағы да дәмі кетіп қала ма деп те ойлайсың. Тарихты бізден гөрі Ақан аға көбірек зерттеді. Қаншама кеңесшісі бар.  Томиристің мықтылығы әкесінен асып түскен деп айтады ғой, негізі", - дейді Нұрлан Әлімжанов.

Фанаттар футбол матчына кедергі келтірмек болды
Сергей Деревянченко: «Жеңіс менікі, бүкіл әлем куә»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу