Фанаттар футбол матчына кедергі келтірмек болды
6 қазан күні «Астана-Арена» стадионында Қазақстан Кубогі сарапқа салынған футбол матчы кезінде клуб фанаттары мачтчқа кесірін тигізібек болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Сол күні матч «Атырау» (Атырау қаласы) және «Қайсар» (Қызылорда қаласы) футбол командалары арасында болған.
«Кейбір фанат футбол матчының өткізілуіне кедергі келтірмек болды. Полиция қызметкерлері дер кезінде қабылдаған іс-шарасының арқасында жанжал тоқтатылды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени және спорттық шаралар кезінде қоғамдық тәртіпті бұзбай, арандатушылыққа ермеуге ескертеді», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
ҚР заңнамасына сәйкес барлық құқыққа қайшы әрекет заң жүзінде қаралып, құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылатын болады.