Көкшетаулық оқушы қоштасу хатын жазып, 8-қабаттан секіріп кетті
Көкшетау қаласында мектеп оқушысы қоштасу хатын жазып, өз пәтерінің балконынан секіріп мерт болды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш оқиға Көкшетау қаласы Потанин көшесінің бойындағы тұрғын үйде болған. Бұл туралы полицияға сағат 11:46 жедел жәрдем қызметінің дәрігері хабарлаған.
«Оқиға орнына жеткен кезекші жедел-тергеу тобы 2006 жылғы жасөспірімнің 8 қабаттағы өз пәтерінің балконынан секіргенін және өлер алдында хат жазып қалдырғанын анықтады», дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаға байланысты ҚР ҚК 105 бабы (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.