Нахчыван түркі халықтарының ынтымақтастығына 10 жыл толды

Oinet.kz 03-10-2019 1012

Нахчыван декларациясына - 10 жыл

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан президенттері Нахчыван декларациясына қол қойғанына 10 жыл толды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Нахчыван декларациясы бекіген 3 қазан – түркі әлемінде жыл сайын түркі халықтарының ынтымақтастығы күні ретінде аталып келеді. Бүгінде түркі кеңесінің құрамындағы мемлекеттердің саны беске жетті. Олар: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан.

2009 жылы Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының IX саммитінде Нахчыван декларациясына қол қойылды. Осылайша, осыдан 10 жыл бұрын түркі әлемі интеграциясы жаңа бір белеске көтеріліп, құжаттың арқасында тарихта алғаш рет бауырлас төрт ел түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі атты халықаралық ұйым құрды. Осыдан соң ТүркПА, Халықаралық Түркі академиясы дүниеге келіп, ТҮРКСОЙ жаңа серпінмен жұмыс істей бастады. 

Өзбекстан Республикасы Түркі кеңесінің толыққанды мүшесі атанды. Осы тарихи шешім Нахчыван келісіміне қол қойылуының 10 жылдығына және 2019 жылы 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің VІІ саммитіне тұспа-тұс келіп отыр. Алдағы саммитте түркітілдес елдердің басшылары Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев бастаған бауырлас өзбек елін ресми түрде құрметпен қарсы алады.

Жыл сайын түркітілдес елдердің Іскерлік кеңесі және бизнес-форумы ұйымдастырылады. Бұл өз кезегінде мүше мемлекеттер кәсіпкерлерін біріктіріп, олардың өзара ынтымақтасуына жол ашады. Мүше мемлекеттер экономикасын ынталандыру, инвестициялық белсенділікті арттыру және жеке секторлар арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мақсатында бірлескен инвестициялық портал іске қосылған. Түркі кеңесі Транскаспий көлік бағытын құруға көп күш жұмсады. Бұл Батыс пен Шығыс арасындағы тиімді сауда жолы болып отыр.

Биліктегілер 470 мыңға әскери билет сатқан
«Мен ұстазыма алғыс айтамын» челленджі жалғасуда(видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу