Биліктегілер 470 мыңға әскери билет сатқан
Алматыда 470 мыңға әскери билет сатпақ болған полиция қызметкері мен қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері тұтқындалды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.
Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмы сын жасады деген күдікпен Әуезов ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бөлім бастығының міндетін атқарушы азаматы пен полиция басқармасының кезекші бөлімі инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл азаматтар әскери қызметті кейінге қалдыру және азаматтарға әскери билет беру айыбымен жалпы сомасы 470 мың теңге ақша қаражатын бірнеше рет алаяқтық жолмен иемденген деп күдіктелді.
Әскери билет түрлі себеппен сатылады екен. Бірі әскерге барудан қорықса, екіншілері денсаулығына байланысты тексерістен өте алмай қалалы.
«Қазір көптеген жасөспірімдердің бізге келетін себебі варикацелит ауруымен әскерге алмайды деп. Сонымен бізге операция жасатуға келеді, біз жасап береміз. Варикацелия, Гидроцелия, жедел және созылмалы бүйрек жетіспеушіліктері болады. Уақытында дәрігерге қаралмағандықтан, аурулары созылмалы түрге ауысып асқындырып алады», - дейді уролог маман Ернұр Белгібаев.
Қылмыстық іс бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Егер күдіктілер кінәлі деп танылатын болса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.