Зейнетақыны өсіру туралы қаулыға қол қойылды
Қырғызстанда зейнетақы мен сақтандыру жарнасының көлеміне қарай зейнетақының сақтандыру бөлігі 7 пайыздан 18 пайызға дейін және одан да көп мөлшерге ұлғайтылмақ. Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев зейнетақыны өсіру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
1 қазаннан бастап зейнетақы жаңа мөлшерде төлене бастайды. Зейнетақының сақтандыру бөлігі орташа есеппен 10,4 пайызға көбейеді. Қайта есептеу қорытындысы бойынша, орташа зейнетақы 5820 сом (шамамен 83 доллар) болады. 667,3 мың зейнеткердің зейнетақысын индекстеу үшін қосымша 659,2 миллион сом, оның ішінде республикалық бюджет қаржысынан базалық зейнетақыны өсіруге – 67,3 миллион сом, ал Зейнетақы қоры есебінен зейнетақының сақтандыру бөлігін көбейтуге – 592 миллион сом бөлінеді.