Алматыда 74 жастағы голландиялық азамат селфи жасаймын деп көз жұмды

Oinet.kz 27-09-2019 1044

Картинки по запросу Шарын шатқалы

74 жастағы голландиялық азамат Алматы облысындағы Шарын шатқалында селфи жасаймын деп биіктен құлап кетіп, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«18 қыркүйекте Алматы облысындағы Шарын шатқалы аумағында қайғылы жағдай болды. Суретке түсіру кезінде 10 метр биіктіктегі жардан туристік топтың құрамында болған 1945 жылы туған Нидерланды корольдігінің азаматы құлап кетті. Турист оқиға орнында көз жұмды. Топ құрамында 21 адам болған. Барлығы шетел азаматтары. Туристік топ Көлсай көліне Алматы қаласындағы туристік компанияларының бірімен шыққан», -делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің берген ақпаратында.

Ведомство өкілдері табиғат аясына шыққанда барынша абай болуды ескертеді. Саяхатқа шығатынын жақын туыстарына алдын ала ескертіп қою керек. Және ауа райы қолайсыз кезде сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді. Сондай-ақ, адам жүрмеген жерлерге бармауды ескертеді


Шымкентте халықтың 5/1 атаулы әлеуметтік көмек алды
Қарақұсовамен түскен суретін желіге жариялаған Нұрлан Әлімжанов қызу талқыға қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу