Шымкентте халықтың 5/1 атаулы әлеуметтік көмек алды

Oinet.kz 26-09-2019 968

Screenshot_16.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2-ші қыркүйекте «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын жариялады.

Президентіміз өз жолдауында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған бес басымдық бойынша жұмыстарды атқаруды тапсырды. Бес басымдықтың ішінде «ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ» атты төртінші бағытқа аса көңіл бөлінген.

Мемлекет басшысы әлеуметтік салада әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту бағытында мемлекет мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға баса мән беру керектігін атап өтті.

2019 жылдың 24 қыркүйегіне атаулы әлеуметтік көмек алуға 74 520 отбасынан өтініштер түсті. Бүгінгі күнге 62 731 қаралып, 52 874 отбасыға тағайындалды. Одан 44 184 отбасыға немесе 218 524 адамға төленді. 9 801 өтініш (15,6%) кері қайтарылды.

Қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,9 есеге артты.

Көмек алушылардың ішінен жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылуға жататын 18 859 адаммен әлеуметтік келісім шарттар толық (100 пайыз) түзілген (базаға енгізілгені – 16 030).

Олардың 4 577 жұмысқа орналастырылды (өздігінен жұмысқа орналасқандар –3 801, жұмыспен қамту орталығы арқылы оналасқаны – 776 адам).

Сонымен қатар,атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 7 596 отбасының табысын жасырғандығы анықталып, 2 149 отбасыға тағайындалған төлемдер толық тоқтатылды. Бүгінгі таңға 271 отбасыға хабарландырулар таратылып, оның ішінде 3 отбасы өз еркімен бюджетке қаржысын қайтарды.

5 447 отбасының әлеуметтік төлемдеріне қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 5358 отбасының төлемдері қайта есептеліп тағайындалған сомма кемітілді.

Ең бастысы атаулы әлеуметтіккөмекті тағайындауда масылдыққа жол бермеуіміз қажет.

Осыған байланысты, аудан әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы жылдың басынан тағайындалған төлемдерге талдау жасап, учаскелік комиссиялардың жұмысын күшейту бойынша қаланың әкімі Е.Айтаханов тапсырма берді.

Аталған тапсырма аясында, аудандарда өңірлік комиссиялар құрылып (комиссия құрамында: аудан әкімінің орынбасары, салық органының өкілі, учаскелік полиция өкілі, қоғамдық бірлестіктер өкілі, жұмыспен қамту басқармасының маманы) атаулы әлеуметтік көмек алушыларды үйме-үй аралап, табыстарын қайта қарау жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда шартты түрде тағайындалған 20 317 отбасының табыстары қайта тексеріліп, 3 862-нің әлеуметтік көмекке мұқтаж еместігі анықталды. Осы жүргізіліп отырған мониторинг нәтижесінде, әлеуметтік төлемдердің тоқтатылуы халық арасында әлеуметтік тұрақтылыққа кері әсерін тигізуі және әлеуметтік шиеленіс ошақтарын туғызуы мүмкін.

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

Бақытжан Берікбайұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді
Алматыда 74 жастағы голландиялық азамат селфи жасаймын деп көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу